ҚҰРҒАҚ КӨЗ СИНДРОМЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Бұл қарапайым кеңестер құрғақ көз синдромын жеңілдетуге көмектеседі.
Tip 1
Өз рационыңызға балықты қосыңыз. Балық Омега-3 май қышқылдарына бай, ол көзді қорғайды және сау көз жасының бөлінуіне ықпал етеді және көздің жалпы денсаулығына күтім жасайды. 1
Құрғақ көз синдромы кезінде қорғаушы А дәруменін алу үшін тағамға асқабақ, тәтті картоп және шпинат сияқты өнімдерді қосыңыз.1
Қара шоколадтың құрамында мыс бар, ол көзді зақымданудан қорғайды.
4 Сондықтан бұл тәттіден кейде бас тартудың қажеті жоқ. Дәмді әрі пайдалы!
Әуежайдағы және ұшақтардағы құрғақ ауа құрғақ көз синдромын және көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Құрғақ көз синдромын жеңілдететін құралды алғаныңызға көз жеткізіңіз.2
Сонымен қатар кондиционерленген ауа да құрғақ көз синдромын тудырады. Ауа ылғалдандырғышты пайдаланыңыз және суды көп мөлшерде ішіңіз.
Желдің және күн көзінің әсері жастың тез булануын тудыруы мүмкін. Егер сіз уақытыңызды табиғатта өткізсеңіз, күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік киіңіз және құрғақ көз синдромын жеңілдететін құралды өзіңізбен бірге
алып жүріңіз. 3
Сирек жыпылықтау, мысалы, экранға ұзақ қарағанда, өз кезегінде көзіңіздің кебуіне ықпал етуі мүмкін. Жарты метр қашықтықтан қандай да бір затқа 20 секунд бойы әрбір 20 минут сайын қараңыз. 3
Офистік орта көздеріңіз үшін жайлы орта емес. Құрғақ ауа, сандық экрандар және тағы басқалар құрғақ көз синдромының проблемалары болып табылады. Өзіңіздің үстеліңізде құрғақ көз синдромын жоятын құралды ұстаңыз.
2
Күніне 8-10 кесе су ішіңіз, бұл құрғақ көз синдромын азайтуға көмектеседі3, сондықтан су ішіңіз!