СИСТЕЙН УЛЬТРА

ЛЮБРИКАНТ-КӨЗ ТАМШЫ ДӘРІСІ

Көзді ылғалдандыруға арналған тамшылар, сондай-ақ оларды жанаспалы линзалармен бірге қолдануға болады.

Систейн Ультра ылғалдандыруына байланысты құрғақ көздің күні бойына симптомдарын жоюға көмектеседі.

 

Ылғалдандыру және қорғау

Жайлылық

Күні бойына симптомдарын жоюға көмектеседі

Жанаспалы линзалармен бірге қолдануға болады

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы:

Систейн Ультра, көз тамшы дәрісі – любрикант - бұл құрамында полиэтиленгликоль 400, пропиленгликоль, гидроксипропилгуар, бор қышқылы, калий хлориді, натрий хлориді, сорбитол, аминометилпропанол, ПОЛИКВАД® (полидроний хлориді) 0.001%, хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді (рН-ты реттеу үшін) және тазартылған су бар стерильді ерітінді.

Қолданылу саласы:

Систейн Ультра, любрикант-көз тамшылары– бұл көз беткейін ылғалдандыратын және құрғақ көз сезімінен, ашу және шаншып ауыру, бөгде затты сезіну және көптеген қолайсыз факторлардың әсерін тез әрі үнемі кетіруді қамтамасыз ететін зат. Систейн Ультра, любрикант-көз тамшылары қажеттілігіне қарай күні бойы көру линзаларының үстіне тамызу арқылы силикон-гидрогелді және жұмсақ (гидрофильді) көру линзаларын ылғалдандыру мен майлау үшін де қолдануға болады. Систейн Ультра, любрикант-көз тамшылары, сондай-ақ көз беткейінен көздің тітіркенуін және/немесе жайсыздығын тудыратын қатты бөлшектерді алып тастауға да ықпал етеді.

Қарсы көрсетілімдер:

Препараттың кез келген компонентіне аллергиялық әсерлер.

Ескертулер:

Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіздің және қоса берілген нұсқаулықтың нұсқауларын дәлме-дәл сақтай отырып, препаратты тағайындалуы бойынша пайдаланыңыз. Егер препаратты қолданғанда, көзіңізде тұрақты жайсыздықты, көру қабілетінің өзгеруін, шамадан тыс жас ағуын және көздің қызаруын сезінсеңіз, міндетті түрде өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге көрініңіз. Систейн Ультра любрикант-көз тамшылары өнімін көру линзаларын сулау және дезинфекциялау үшін пайдаланбаңыз.

Сақтық шаралары:

  • Ерітіндіні ластап алмау үшін, тамшылатқыш ұшын ешбір беткейге тигізбеңіз.
  • Пайдаланып болған соң, қалпақшасын кигізіңіз.
  • Құтыны нығыздап жабылған күйінде сақтау керек.
  • Егер қаптама ашылған немесе зақымдалған болса, ерітіндіні пайдаланбаңыз.

Қолдану тәсілі:

Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку керек! Систейн Ультра, любрикант-көз тамшыларын қажеттілігіне қарай күні бойы пайдалануға болады. Ерітіндіні көзіңізге тамызып, бірнеше рет көзіңізді ашып жұмыңыз. Көру линзасын тағып жүрген кезде, орташа тітіркену, жайсыздық немесе бұлдырау пайда болған жағдайда, 1-2 тамшысын тамызып, 2-3 рет көзіңізді ашып жұмыңыз. Систейн Ультра, любрикант-көз тамшыларын көру линзаларын енгізу алдында және тағып жүру кезінде де пайдалануға болады.

Сақтау шарттары:

  • Бөлме температурасында сақтау керек.
  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
  • Жарамдылық мерзімі: 24 ай.
  • Құтыны алғаш ашқаннан кейін ерітіндіні 6 айдан артық пайдалануға болмайды.
  • Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші ұйымның атауы, заңды мекенжайы:

Alcon Cusi, S.A., El Masnou, Барселона, Испания. Тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы: «Алкон Фармасьютикалс, Лтд.» Өкілдігі 050051 Алматы қ-сы, Луганский к-сі, 96 Тел.: +7 727 258 16 58 Электронды поштасы: [email protected]

0000