СИСТЕЙН®

ЛЮБРИКАНТ-КӨЗ ТАМШЫ ДӘРІСІ

СИСТЕЙН® любрикант көзге тамызатын дәрі– күні бойына көздің ылғалдануы мен жайлылығы yшiн арналған тыныштандырушы ерітінді.

 

Ылғалдандыру

Күні бойына симптомдарды жеңілдету

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы:

құрамында полиэтиленгликоль 400, пропиленгликоль, гидроксипропил гуар, бор қышқылы, кальций хлориді, магний хлориді, калий хлориді, натрий хлориді, мырыш хлориді, сондай-ақ поликвад® (полидроний хлориді) 0.001% бар стерильді ерітінді.

Қолданылу саласы:

Шаң, түтін, озон, ультракүлгін сәулелер, құрғақ жылу (радиаторлар, сауна және басқалар), ауаны кондиционерлеу, жел, өтпе жел, косметика қолдану, компьютермен ұзақ жұмыс істеу және телевизор көру сияқты көптеген жағымсыз факторлар құрғақ көз сезімін, тітіркену, ашу, суырып ауыру, бөгде дененің болуын сезінуді және т.б. туындатуы мүмкін. СИСТЕЙН® любрикант -көз тамшылары – бұл көз беткейін ылғалдандыратын және бұл симптомдардың жылдам және ұзаққа жоғалуын қамтамасыз ететін тыныштандырғыш ерітінді.

Қарсы көрсетілімдер:

Препараттың кез келген компонентіне аллергиялық әсерлер.

Қолдану тәсілі:

Систейн® любрикант-көз тамшыларын қажет болғанда кез келген уақытта пайдалануға болады. Ерітіндіні көзге тамызып, бірнеше рет жыпылықтатыңыз.

Сақтық шаралары:

Ерітіндінің ластануына жол бермеу үшін тамшылатқыштың ұшын ешқандай беткейлерге тигізбеңіз. Тамызғаннан кейін көз көруінің уақытша нашарлауы немесе басқа да көру мазасыздығы болуы мүмкін, бұл автокөлікті немесе басқа да потенциалды қауіпті механизмдерді басқаруына жағымсыз ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда көру қабілетінің қалпына келуіне дейін біраз уақыт күту қажет. Пайдаланғаннан кейін қалпақшаны кигізіңіз.

Ескертулер:

Препаратты тағайындалуы бойынша пайдалану үшін офтальмологыңыздың нұсқауларына және салынған нұсқаулыққа жүгініңіз. Егер препаратты қолдану кезінде сіз көзіңіздің үнемі жайсыздығын сезінсеңіз, көрудің өзгеруін, шамадан тыс жас ағу және көздің қызаруы орын алса өзіңіздің офтальмологыңызға қаралыңыз.

Сақтау шарттары:

  • Бөлме температурасында, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
  • Жарамдылық мерзімі: 10мл құтыда 10мл-ден бөлшектеп өлшеу үшін 24 ай.
  • Алғашқы ашылуынан кейінгі жарамдылық мерзімі – алты ай.
  • Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші ұйымның атауы, заңды мекенжайы:

Alcon Cusi, S.A., El Masnou-Barselona, Spain. ҚР аумағында өнім (тауар) сапасы жөнінде тұтынушылардан шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Алкон Фармасьютикалс, Лтд.» Өкілдігі Тел.: +7 (727) 374 35 79 Факс: +7 (727) 374 35 81 Электрондық поштасы: [email protected]