СИСТЕЙН БАЛАНС

ЛЮБРИКАНТ-КӨЗ ТАМШЫ ДӘРІСІ

СИСТЕЙН БАЛАНС минералды май негізіндегі көз тамшы дәрісі-любрикант көздің құрғақтығы сиптомдарын күні бойы жоя отырып, көз жасы үлбірін демеуге және қалпына келтіруге көмектеседі.

Сондай-ақ жанаспалы линзаларды енгізгенге дейін немесе оларды көзден алып тастағанан кейін жанаспалы линзаларды тағудан туындаған көздің құрғап кетуін емдеу үшін де қолданылады.

 

Минералды май қосылған

Ылғалды ұстауға көмектеседі

Көзді ылғалдандыру және қорғау

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы:

құрамында пропиленгликоль, гидроксипропилгуар, минералды май, димиристойлфосфатидилглицерол, полиоксил 40 стеараты, сорбитан тристеараты, бор қышқылы, сорбитол, динатрий эдетаты, консервант ПОЛИКВАД (поликватерниум-1) 0,001%, хлорсутек қышқылы және/немесе рН-ты реттеуге арналған натрий гидроксиді және тазартылған су қамтылған стерильді ерітінді.

Қолданылу саласы:

БАЛАНС ЛЮБРИКАНТ-КӨЗ ТАМШЫЛАРЫ – бұл көз құрғақтығынан туындайтын ашу және тітіркендіру симптомдарын уақытша жеңілдету мақсатында құрғақ көзді емдеуге арналған дәрілік зат. СИСТЕЙН БАЛАНС ЛЮБРИКАНТ-КӨЗ ТАМШЫЛАРЫ көру линзаларын енгізгенге дейін немесе оларды көзден алып тастағанан кейін көру линзаларын тағудан туындаған құрғақ көзді емдеу үшін де қолданылады.

Қолдану тәсілі:

Құтыны қолдану алдында жақсылап сілку керек! Ерітіндінің ластануын болдырмау үшін, құты тамшылатқышының ұшын ешбір беткейге тигізбеңіз. СИСТЕЙН БАЛАНС ЛЮБРИКАНТ-КӨЗ ТАМШЫЛАРЫ қажеттілік шамасына қарай күні бойы қолдануға болады. Көзге бірнеше тамшы тамызып, жыпылықтатыңыз. Пайдаланғаннан кейін құтының қақпағын нығыздап жабыңыз .

Қарсы көрсетілімдер:

Препарат компоненттерінің кез келгеніне аллергиялық әсерлер.

Ескертулер:

Өнімді дұрыс қолдану үшін, емдеуші дәрігердің нұсқауларын және қоса берілген қолдану жөніндегі нұсқаулықты қадағалаңыз. Егер сіз көзіңіздің тұрақты жайсыздығын, көз жасының көп ағуын, көрудің бұзылуын, көздің қызаруын сезінетін болсаңыз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз, себебі мәселе неғұрлым күрделі болуы мүмкін.

Сақтау шарттары:

  • Бөлме температурасында сақтау керек.
  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
  • Жарамдылық мерзімі: 18 ай.
  • Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
  • Құтыны алғаш ашқаннан кейін ерітіндіні 6 айдан асырмай пайдалану керек.

Өндіруші-ұйымның атауы, заңды мекенжайы:

Alcon Cusi, S.A., El Masnou, Барселона, Испания. ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйым «Алкон Фармасьютикалс, Лтд.» Өкілдігі Тел.: +7 (727) 256 02 05 Факс: +7 (727) 256 06 81 Электронды поштасы: [email protected]

0000